• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2023

СҚО-ның мектеп оқушылары қашықтан оқиды

176 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында 9 қаңтар күні мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқару қызметі Darmen мобильді қосымшасы арқылы дүйсенбі күні мектептердегі сабақтардың тоқтатылатынын хабарлады. 1 мен 11 сынып оқушылары демалыстан кейінгі алғашқы сабақ күнін қашықтан өткізеді. Ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді.

Бұған дейін синоптиктер қаңтардың 9-ы мен 11-і аралығында облыста түнде минус 30-35 градусқа дейін күрт суытып, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз, күндіз минус 25 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен болатын.