Батыс Қазақстан облысының Зачаганск ауылында жеке үйдің гаражынан көліктің ішінен үш жігіт пен бір қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің «Сартау» шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің гаражынан көліктен 4 мәйіт (2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт) табылды. Өлімнің себебі көмірқышқыл газымен улану болды», деп хабарлады БҚО баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жүр.