АСТАНА. 10 маусым. Шығыс Қазақстан облысының ғалымдары Еуразиялық экономикалық одақ құрамында еліміздің даму перспективаларын талқылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі талқылады.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде профессор-оқытушылар, докторанттар мен магистранттартың қатысуымен жиын өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуының маңыздылығы сөз болды.
Шығысқазақстандық ғалымдар әріптес үш мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа бірігуін әлем халқын елең еткізген тарихи оқиға деп есептейді.
Басқосуда Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Нұрлан Темірбеков: «Еуразиялық интеграцияға қатысушы – Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері ынтымақтастығының жаңа маңызды беті басталады. Бұл интеграция экономика, білім беру, медицина, мәдениет және туризм бағыттары бойынша өзара іс-әрекеттің жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді.
Ғалымдар, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы үш елдің экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал ететіндігіне назар аударды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: egemen.kz.