Бүгін Ақтау маңында жанармай цистернасының жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
1989 жылы туған ер адам күйік салдарынан ауруханада көз жұмды.
«Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр. Оның бас-ми жарақаты, оң аяғы мен оң иығының 3-дәрежелі термиялық күйіктері бар. Дәрігерлер науқастың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», деп хабарлады ауруханадан.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылды. Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.