АҚШ-тың Айова штатындағы жолдардың бірінде ірі жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айова штатындағы жолдардың бірінде 15 көлік бір-біріне соқтығысқан. Жол апатына көктайғақ себеп болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушылар мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр деп бағаланады.
Оқиға болған автожол 8 сағатқа жабылды. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді қырағы болуға шақырды.