Египеттің оңтүстігіндегі Асьют провинциясында тұрғын үй құлап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Асьют әкімшілігінің мәліметінше, провинцияның батысындағы 5 қабатты ғимарат опырылып түскен.
Асьют губернаторы генерал Исам Саад үйінділерді шығару жұмыстарын қадағалайтын арнайы комиссия құруды және аймақтағы барлық ғимараттарды тексеріп, оқиғаның себептерін анықтауды тапсырды.