10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бесқарағай, Аягөз аудандарында да сабақ қашықтан өтеді. Қалған аудандарда және Курчатов қаласында сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді», деп жазылған Абай облысының әкімдігі таратқан хабарламада.