• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2010

МӘЖІЛІС БЮРОСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

491 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Қаржы және бюджет комитеті Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін палата талқысына шығаруға болатынын мәлім етті. Осы комитеттің ұсы­нуы­мен “Қазақстан Республика­сын­дағы кеден ісі туралы”, “Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы” (бірінші оқы­лым), “Қазақстан Республи­ка­сын­дағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексін қол­данысқа енгізу туралы” заң жобалары қаралды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірқатар заң жобаларын қарауды ұсынып отыр. Атап айтқанда, “2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы”, “Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратифика­циялау туралы”, “Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екін­ші тараптан Еуропа қоғам­дастықтары мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге, Болгария мен Румы­нияның әріптестік пен ынты­мақтастық туралы келісімге қосы­луы туралы хаттаманы ратифи­кациялау туралы” заң жобалары жалпы отырысқа шығарылады. Бюрода Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы” заң жобасының дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, бюро отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.