Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева австралиялық Хобарт корттарында WTA 250 жекелей жарыстарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарыстың екінші айналымында Испания өкілі, әлемнің 77-ші ракеткасы Нурия Парризас Диазбен кездесті. Матч қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:2, 6:3.
Келесі раундта Юлия Путинцева Ресей өкілі, әлемнің 72-ші ракеткасы Анна Блинковамен шеберлік байқасады.