• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2023

Бес мұғалімге – жайлы баспана

233 рет
көрсетілді

Атырау облысында мектеп мұғалімдері жетіспейді. Сол себептен, Үкімет «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулысын қабылдаған еді.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, былтыр Атырау өңіріне келіп жұмыс істеуге 9 педагог ниет білдірген. Жақында еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдердің бесеуіне пәтер берілді. Олардың арасында Батыс Қазақстан облысынан тарих пәнінің мұғалімі Айнагүл Ережепова, физика пә­нінің мұғалімі Валентин Козлов, Шығыс Қазақстан облысынан тарих пәнінің мұғалімі Сымбат Қабышева, Ақтөбе облысынан Қайсар Нұртанов, бастауыш сынып мұғалімі Гүлүзім Амангелді бар. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Оларға арнайы бағдарламаға сәйкес лауа­зымдық жалақысына 150 пайыз мөлшеріндегі қосымша ынталандыру ақысы төленіп отыр.

Мәселен, Валентин Козлов Атырау қаласындағы Ж.Қара­жігітов атындағы №16 мектеп-лицейіне жұмысқа орналасқан. Бұл – мұнайлы шаһардағы аралас мектептің бірі.

– Біз мұғалім мамандығын таңдағандықтан, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еттік. Шәкірттеріміз үздік оқуымен танылып, түрлі сайыстардан жүлделі орындарды иеленсе, біз үшін үлкен мәртебе болар еді. Атырауға осындай оймен келген едік. Бізге жергілікті басшылар тарапынан баспана беріліп, үлкен қолдау көрсетіліп отыр, – дейді Валентин Козлов.

 

Атырау облысы