• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қаңтар, 2023

Деректі кітаптың тұсаукесері

420 рет
көрсетілді

Өткен жылдың соңында Маң­ғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мұражайы ашылып, қым-қуыт тағдыр жолын қағазға хаттаған кітаптың тұсауы кесілді.

Аймақ басшысы Н.Ноғаев қа­тысқан іс-шарада мұражайды ашу, лента қию құрметі қылмыстық атқару жүйесінің ардагерлері К.Құл­мағамбетов пен М.Шлекеновке берілсе, «Маңғыстау өңірінің қыл­мыс­­тық атқару жүйесі: өткені мен бүгіні» атты кітаптың тұ­сауын кесу құрметі облыс бойын­ша қылмыстық-атқару жүйесі депар­таментінің бас­тығы, әділет полковнигі А.Қалиев пен аталған департамент ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Бега­лиевке бұйырды.

Деректі-публицистикалық сипатта жазыл­­­ған кітапта Маңғыстау облысындағы қылмыстық атқару жүйесінің қалыптасу жолы мен д­аму тарихы, бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, осы салада еңбек еткен және қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбектері сипатталады. Сондай-ақ туындыда осы жүйенің қилы жолы, қалыптасуы, қиындығы мен жетістігі хатталған.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Н.Ноғаев кітапты тарихи құнды еңбек деп бағалап, мекеменің өткені мен бүгінін қағаз бетіне түсіріп, қаттап берген авторларға алғысын білдірді.

 

Маңғыстау облысы