Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларындағы VІІ Қысқы Азия ойындарына дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар Азиада нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту барысын, қажетті инфрақұрылымдар тарту, сондай-ақ ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, спорттық және ресми іс-шараларды теле-радио хабарлар арқылы тарату мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға барлық проблемалы мәселелерді шұғыл түрде шешуді қамтамасыз етуді тапсырды.