• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Қаңтар, 2023

Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай эскпорттайды

313 рет
көрсетілді

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың I тоқсанында Германияға 300 мың тонна қазақстандық мұнай транзитін жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания атап өткендей, Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі 2023 жылдың I тоқсанында Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 300 мың тонна Қазақстан мұнайын тасымалдауға растау алды.

«Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады», делінген «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

11 қаңтарда Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау мүмкіндіктері туралы мәселеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазір жылына 1,5 млн тоннаға дейін экспорттау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар