• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысынан Сенат депутаты сайланды

646 рет
көрсетілді

Қызылорда облысынан Сенат депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының қорытындысында Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып Руслан Рүстемұлы Рүстемов сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Парламенті Сенаты депутаты сайлауында облыстағы 147 мәслихат депутатының 141-і дауыс беруге қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Жорабек Нұрымбетовке 18, Руслан Рүстемовке 95, Асылбек Шәменовке 27 депутат қолдау білдірген.

Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2002-2008 жылдары облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2010-2019 жылдары облыстық  тілдерді дамыту, облыстық ішкі саясат басқармаларының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.