• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2023

Абай облысынан Сенат депутаты сайланды

634 рет
көрсетілді

Абай облысының мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов сайлауды өткізуге заңдық негіз барын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Парламент Сенатына депутат сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға облыстағы барлық деңгейдегі депутаттардың 108-і қатысып отыр», деді мәслихат хатшысы. Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Наталия Фесенконың айтуынша ҚР Конституциясына және «Сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының талаптарына сәйкес келген үш үміткер – Әпенов Кималидин Сағалбайұлы, Маслова Анжела Владимировна, Тастекеев Қайрат Құлбайұлы ресми тіркеліп сайлауға қатысты. Сайлаушылар жеке куәліктерін көрсетіп, өз дауыстарын құпия түрде береді.

Сайланған үміткер сайлаушылардың 50 пайыз дауысын алса, өтті деп есептеледі.

Бүгінгі сайлауға дауыс беру мүмкіндігі бар Абай облысындағы 123 депутаттың 108-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша Апенов Кималдин 10 дауыс, Маслова Анжела 7 дауыс, Тастекеев Қайрат 89 дауыс жинаса, барлығына қарсы 2 дауыс берілген.