• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қаңтар, 2023

Алакөлге көлігімен бірге батып кеткен жүргізушінің мәйіті табылды

219 рет
көрсетілді

Көлігімен көлге батып кеткен адамның денесі 28 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол су астында көлігімен бірге бір тәулікке жуық уақыт жатқан.

«13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті», – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іздеу жұмыстары барысында 14 қаңтарда сағат 11:00-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты.

Айта кетейік, құтқару жұмысына ҚР ТЖМ РҚҰ-ның Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.