Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында содырлардың полиция бөлімшесіне жасаған шабуылы салдарынан құқық қорғау органдарының үш қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, содырлар түнде Сарбанд ауданындағы полиция бөлімшесіне шабуылдаған.Полицияға қарсы гранаталар, автоматтар қолданылған.
Айта кетейік, 2022 жылы Пәкістандағы лаңкестік шабуылдар алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға көбейіп кеткен.