Ұшақ Непалдағы ұшу-қону жолағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz The Katmandu Post сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Покхараның халықаралық әуежайында болған. Ұшақ Yeti Airlines компаниясына тиесілі. Оның өкілінің айтуынша, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.
Дәл қазір әуежай жабық. Онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың себептері анықталып жатыр.