Непалда құлаған ұшақтың барлық жолаушылары мен экипаж мүшелері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап, үнділік News18 телеарнасы хабарлады.
Бортта 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
Бұған дейін лайнердің құлауы салдарынан 45 адам қаза тапқаны жайлы жазғанбыз. Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахал ATR 72 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты төтенше үкімет отырысын шақырды. Дахал апатқа өкініш білдіріп, құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды.