• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 17 Қаңтар, 2023

Мәжіліс депутаттарын сайлауға қаржы бөліне ме?

387 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс депутаттарын сайлауға арналған қаржы қайдан алынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер Қаржы министрінен сайлауды өткізуге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін-бөлінбейтінін сұрады.

«Биылғы жылдың республикалық бюджетінде Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге қаражат қарастырылмаған. Қажет болса, нақтылау кезінде қарастырамыз. Наурыз айында бюджет нақтыланады деп күтеміз. Уақыт болса, бұл мәселені республикалық бюджетте нақтылаймыз. Уақытында үлгермесек, Үкімет резервінен қараймыз», деді Е.Жамаубаев.

Оның айтуынша, Сенат депутаттарын сайлауға республикалық бюджеттен ақша бөлінбеген.

14 қаңтарда Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 16 қаңтарда ОСК сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Сайланған 20 депутаттың 17-сі ер, үшеуі әйел. Жаңадан сайланған депутаттардың орташа жасы – 53,8 жас.