• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2023

Таразға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған күдікті ұсталды

116 рет
көрсетілді

13 қаңтарда Меркі ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Тараз қаласына ірі көлемде есірткі жеткізуді жоспарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жертөледен жалпы салмағы 5 келі 864 грамм гашиш және жалпы салмағы 1 келі 280 грамм кептірілген марихуана есірткісі табылды. Сондай-ақ жеке басын тінту барысында күдіктіден салмағы 14 грамм гашиш есірткісі табылып, тәркіленді.

«Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 5 келі 878 грамм гашиш пен 1 келі 280 грамм марихуананы құрайды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылуы мүмкін.