Мәжіліс депутаты облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмысына 5 жыл мерзім белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалды жеткізген Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес әкімдер Президенттің өкілі екенін еске салды.
«Партияға мүше болуға тыйым салынған адам қалай партия мүшесі бола алады. Олардың мәртебесі Президенттен жоғары ма?», деді депутат.
Ол облыстар мен қалалардың әкімдеріне қызмет ету мерзіміне саяси партияларға мүше болуға тыйым салуды және облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігін 5 жыл мерзімге шектеуді ұсынды.