• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2023

Биыл ауыл халқының 96%-ы сумен қамтамасыз етіледі

264 рет
көрсетілді

2022 жылдың қорытындысы бойынша қолға алынған жобалардың нәтижесінде қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 98,4%-ға және ауылды жерлерде 94,5%-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Еркебұлан Дауылбаев айтты.

Қазір барлық қала мен ауылдық жерді таза сумен 100% қамтамасыз ету үшін «Әр елді мекенде таза су» ұлттық жобасы әзірленіп жатқаны белгілі болды.

«Осы жылы қала халқының 98,7%-ын және ауыл халқының 96%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен шамамен 172 млрд теңге көлемінде ақша қарастырылып отыр», деді министрдің орынбасары.

Жергілікті атқарушы органдардың соңғы деректеріне сәйкес әр түрлі қаржыландыру көздері есебінен шамамен 3 мың шақырымдай желіге жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Тұтастай алғанда, былтыр желілердің жалпы тозуы 51% деңгейінде байқалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2023 жылы бұл көрсеткішті 50%-ға дейін төмендету көзделген.

Осы орайда еліміздегі кәріз-тазарту жүйелерінің қалыпты жұмыс істеу мәселелері де ИИДМ-нің ұдайы бақылауында екенін атап өткен жөн. Айталық, қазір республикадағы 89 қаланың 27-де кәріз-тазарту құрылымдары қарастырылмаған. Ал 41 қалада тиісті нысандардың тозуы 60%-дан астам. Осыған байланысты аталған нысандарды жаңғыртып, жөндеу үшін қаржыландыру механизмдері де әзірленгенін айта кетейік.