Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ. Көмір беру цехын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу жүйесіндегі температура уақытша түсуі мүмкін.
Облыс әкімі Даниал Ахметов оқиға орнында. Ол орын алған оқыс оқиға бойынша баспасөз өкілдеріне ақпарат беретінін айтты.
Ал кәсіпорын басшылығының айтуынша, қазір өрт толықтай ауыздықталған.
- Жылу электр орталығындағы цехтардың бірінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрт толықтай ауыздықталды. Қазір жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Айта кетейік, жылу желісінің температурасы уақытша төмендейтін болады. Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, түсіністік танытуларын сұраймыз, - деді «Риддер ЖЭО» АҚ президенті Әл-Тайыр Сыздықов.