Армениядағы әскери бөлімдердің бірінде ірі өрт шығып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Армения қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өрт 19 қаңтарға қараған түні Гегаркуник ауданындағы Азат ауылында орналасқан инженерлік ротаның казармасынан шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 15 әскери қызметкер қаза тапты, 3 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Басқа мәліметтер хабарланбайды.