• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қаңтар, 2023

Ұлттық ғылыми онкология орталығы мемлекет меншігіне өтеді

601 рет
көрсетілді

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша жарғылық капиталға қатысу үлесін қабылдау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын республикалық меншікке беру туралы «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын», делінген құжатта.

Түсіндірілгендей, «Turar Healthcare» КЕАҚ арнайы құқықтың мемлекеттік монополиясы субъектілерінің тізіліміне кірді. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес арнайы құқық субъектілеріне акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ өзге де жолмен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысуға тыйым салынады.

Құжат 1 ақпанға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.