• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 19 Қаңтар, 2023

Мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

1293 рет
көрсетілді

Жуырда мәжіліс депутаттары мектептердегі соңғы қоңырау күнін кейінге шегеру мәселесін қозғаған еді. Оқу-ағарту министрлігі депутаттардың бұл үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан мектептерінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Баршамызға белгілі, оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – мектеп күні, сабақтан басқа балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусымда балалар ресми түрде соңғы қоңырауға шығады. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау соғылады», деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Еске салайық, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынып, депутаттық сауал жолдаған еді.