Өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 1 949 адам коронавирус инфекциясынан (–1 796+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.