Бүгін Үкімет Жеңіс Өсербайды қызметінен босату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматыда туған. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, Ақмола технология және бизнес университетін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист болып бастады.
2001-2002 жылдары - жеке ұйымда қаржылық талдаушы;
2004-2006 жылдары - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобалық несиелеу департаментінің бас менеджері;
2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарған;
Жеңіс Өсербай 2021 жылдың қыркүйегінен бері Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.