Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7-шағын аудан маңындағы лас судың теңізге ағу фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология департаменті мамандары жер астынан су шығып жатқанын, оның негізгі көзі белгісіз екенін хабарлады.
Ведомство Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Каспий жылу, су арнасы» МКК және «Қала жолдары» ЖШС-не аталған жайтқа қатысты негізгі көзді нақтылау керектігін айтқан.
Мамандар су сынамасын алып, зертханаға жеткізді. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.