• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қаңтар, 2023

Президент Қостанай облысының белсенді жастарымен әңгімелесті

268 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Лисаков қаласындағы балаларға арналған «Алақай» отбасылық демалыс орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Орталық директоры Любовь Захарова Мемлекет басшысына аквапарк, өрмелеу алаңы, жазғы лагерь секілді жобаларын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде адал еңбек етіп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқаны үшін Любовь Захарованы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және «Алтын барыс» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев орталықта Қостанай облысының белсенді жастарымен әңгімелесті.

«Шын мәнінде, өзіңнің қарым-қабілетіңді көрсетіп,  халықтың игілігіне жұмыс істеп, ел дамуына үлес қосу үшін үлкен қалада тұру шарт емес. Лисаков басқа моноқалалармен салыстырғанда әлдеқайда таза, жинақы  екенін әлгінде айттым. Кәсіппен, пайдалы іспен айналысу арқылы бұған сіздер де зор үлес қосып жүрсіздер. Осындай қалаларды дамытуымыз керек», деді Президент.