Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
«Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.