• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қаңтар, 2023

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

213 рет
көрсетілді

Өскеменде өрт сөндірушілер өртеніп жатқан бес қабатты үйдің 15 тұрғынын эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өскеменде Бобровская көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққанын хабарлады. Түтін шыққан бөлмеден әйел адам өз бетінше шығып кеткен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 15 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.