Қайғылы оқиға 22 қаңтар күні сағат шамамен 18:00-де Павлодар - Қызылорда автожолының 1293-шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасжолда ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 көліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі кәмелетке толмаған адам. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптама тағайындалды.