Кеше сағат 19:30-да Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында ер адамдар арасында жанжал болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz таратқан мәлімет бойынша, оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы барған. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде төбелес тоқтатылған. Полиция бөліміне 8 азамат жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түспеген.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүріп жатыр.
«Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандағы криминогендік жағдай тұрақты», деді Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғанибек Құрманалиев.