22 қаңтар күні сағат 16:35 шамасында КамАЗ автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай қалған. Оқиға салдарынан көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалыс ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.