23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЭЫҰ СІМК) 26-шы отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.
Іс-шара барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің экономика, логистика, экология, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады.
«Министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесін және басқа да бірқатар құжаттар мен ЭЫҰ есептерін қабылдау көзделіп отыр», деді Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияров.