• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2023

Сыртқы істер министрінің орынбасары Брюссельге барады

267 рет
көрсетілді

2023 жылғы 23-25 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Бельгияның Брюссель және Францияның Страсбург қалаларына сапары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брюссельге жұмыс сапары аясында Еуропалық институттардың жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Р.Василенконың Еуропа Кеңесі мен Еуропаның Парламенттік ассамблеясы басшылығымен кездесулері өтеді.

Сапардың негізгі мақсаттарының қатарында – Қазақстан-Еуропа қатынастарының барлық спектріне шолу жасау, өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ еуропалық әріптестерді еліміздегі саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы, президент сайлауының қорытындылары және 2023 жылғы 19 наурызға жоспарланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының алдағы сайлауына дайындықпен таныстыру.