АСТАНА. 13 маусым. Шетел инвесторлары кеңесінің келесі жиыны Шымкентте өтетін болды. Онда еліміздің агробизнес саласын дамыту мәселелері талқыланады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет басшысы: «Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысында Қазақстандағы агробизнесті дамыту мәселесі қаралады. Арнайы зерттеулер көрсетіп бергендей, азық-түлікке сұраныс арта түспек. 2050 жылға қарай адамзат саны 9 млрд.-ты құрайды және азық-түлік қажеттілігі 2 есеге көбейеді», – деді.
Осы орайда Президент елімізде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер көп екеніне тоқтала келе: «Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдалануға жарайтын жер мол, абсолюттік жайылымдардың өзі 200 млн. гектар, егістік жерлер 45 млн. гектар, ал олардың өнімділігін тек 30%-ға арттырсақ, біз өндірістің мол көзіне ие боламыз. Сондай-ақ, 10 млн. тонна астық экспорттаймыз», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: Tntexpo.kz.