• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық банктердің тартымдылығы артады

182 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық банк секторының әлеуеті арттырады.  Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы соңында өткен брифингте Ресейдің «Сбербанк» басқармасының төрағасы Герман Греф осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Герман Греф: «Қазақстандағы сәтті қызметіміз арқылы басқа да банк құрылымдарын зерттедік. Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан қаржы институттары үшін әлдеқайда тартымды болады», – деді. Сондай-ақ, ол Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қазақстандық банк секторының тартымдылығы жақсы жағына қарай түбегейлі өзгеруі мүмкін деген сенімде. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: «Қазақстан жаңалықтары».