Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.