• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қаңтар, 2023

Иранда 3 журналист қамауға алынды

253 рет
көрсетілді

Иран Журналистер кәсіподағы қауымдастығы Тегеранда Мелика Хашими, Саида Шефия және Мехрнуш Зария есімді үш журналист ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қауымдастықтың мәліметінше, БАҚ қызметкерлері ел астанасындағы Эвин түрмесіне жеткізілген. Саида Шефияға «қазіргі режімге қарсы үгіт-насихат жүргізді» және «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді» деген айыптар тағылды. Тағы екі журналистке қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. 

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегіндегі наразылықтар басталғаннан бері Ислам Республикасында 79 журналист қамауға алынған.