• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қаңтар, 2023

Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

305 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 қаңтарда Тәуелсіздік даңғылының бойында белгісіз көлік жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Opel» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін ұстады. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты 610-баптың 2-бөлігі «Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі «Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысқан жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы» бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.