Атырауда қаңтар оқиғаларына қатысқан 27 күдіктіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қылмыстық іс бойынша 27 адам күдікке ілінді. Олар зорлық-зомбылыққа, билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, ұрлыққа, атыс қаруын ұрлау және ҚР Қылмыстық Кодексінің басқа да баптары бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыпталды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, прокуратура сотталушылардың іс-әрекеттерін онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтарға жіктеу үшін жаңа айыптау актісін жасады. Сотталушылар, өз кезегінде, іс бойынша жиналған дәлелдемелерге дау айтпай, кінәларын мойындады.
Оларға қатысты «Рақымшылық туралы» Заң қолданылды. Барлық сотталушылар сот залында босатылды.
Азамат Ибраемовқа қатысты сот қылмыстардың қайталануын ауырлататын мән-жай деп таныды. Оған ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігінің нормасын қолдана отырып, үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.