• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2023

Елімізде бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

250 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен жанар-жағармайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық жанармайды қоспағанда, автокөліктерді өндіруші ұсынған газ цистерналарында экспорттауды қоспағанда бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салынсын», делінген құжатта.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 31 қаңтарға дейін орналастырылған.

2023 жылдың 20 қаңтарында Энергетика министрінің, Қаржы министрінің, Ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығымен елімізде жанар-жағармайды автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды.

Сол күні Премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізген еді. Ол Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бақылауды күшейту және елден заңсыз отын экспортын тоқтату бойынша шешуші шаралар қабылдауды тапсырды.