• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2023

Спортты дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданады

267 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіру министрліктің басты міндеті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасын қабылдау бойынша жұмыстарды пысықтап жатыр», деді министр өз сөзінде.

Аталған құжатта Мемлекет басшысының тапсырмалары мен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының барлық көрсеткіші мен іс-шарасы  қамтылған.