• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қаңтар, 2023

Астанада инватакси саны 2 есе артады

193 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатқанын мәлім етті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бүгін осы санаттағы жандарға әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Онда инватакси, протездік-ортопедиялық көмек, санаторий-курорттық емдеу, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және т.б. мәселелер көтерілді», деп жазды әкім.

Оның айтуынша, қазір қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр, оның ішінде 7 мың бала бар.

«Елордада бірқатар әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз, онда бірінші қабатта әлеуметтік нысандар ашылады: балалар орталықтары, медициналық нысандар, оның ішінде оңалту орталықтары. Сол сияқты биыл инватакси санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, осылайша ерекше қажеттіліктері бар жандарды көбірек қамти аламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, ал жүйелі мәселелер бойынша министрліктермен жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындарымыз үшін қолайлы жағдай жасау жолында бірлесіп жұмыс істейміз», деп жазды елорда әкімі.