• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2023

Қазселденқорғау күштері судың толып кету қаупін жойды

394 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» шипажайының ауданында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«24 қаңтарда сағат 09:00-де Алматы облысы ТЖД пультіне Қарасай ауданы Қаскелең өзенінің арнасының мұздануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысындағы Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» шипажайының ауданында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды», делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, су деңгейінің көтерілуін тұрақтандыру және сең жүруін болдырмау үшін өзен арнасын мұз құбылыстарынан тазарту бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілген. Қазселденқорғаудан мамандандырылған техника Камаз  базасындағы экскаватор (гредола), жедел автомобиль және авариялық-механикаландырылған бригада қызметкерлері жұмылдырылған.

12:20-да қабылданған шаралармен Қаскелең өзенінің арнасын тазарту жұмыстары аяқталды, жағалау сызығынан тыс судың толып кету қаупі жоқ, су деңгейі төмендеді. Су басу қаупі жойылды.