Қыс басталғалы бері Астанадан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 қаңтар күні таңертең Астанада қар тазалау жұмыстарына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
25-26 қаңтарға қараған түні Астанадан қар полигондарына 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 274 рейс шығарылды.
Қыс мезгілі басталғалы бері қаладан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 212 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруы және көктайғақты болдырмау үшін көшелерге, тротуарларға, жолдарға құм-тұз қоспасы себілетінін айта кету керек.