Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде, сондай-ақ түнде және таңертең Түркістан қаласында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде Петропавлда жаяу бұқрасын жүреді. Оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.